2026 жылғы 9–12 шілде аралығында Қытайдың Ордос қаласында жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты өтеді.
Құрлықтық додада Қазақстан намысын 21 спортшы қорғайды. Ұлттық құрама сапында Аяна Болатбекқызы, Александр Жигарь, Ақбаян Нұрмамет, Виктория Сукачева, Ринат Кулыгин, Бағжан Серікқан, Анастасия Цвиркунова, Екатерина Колода, Ақбілек Құралбай, Мария Шувалова, Анна Шумило, Екатерина Пузырёва, Дарья Гридасова, Татьяна Но, Фаина Мейрманова, Диляра Хайбуллина, Максим Балабин, Анастасия Рыпакова, Ясмина Тоханбаева, Эльмира Калимуллина және Алина Чистякова бар.
Қазақстандық жеңіл атлеттер орта қашықтыққа жүгіру, кедергілермен жүгіру, спринт, эстафета, секіру, спорттық жүріс және көпсайыс бағдарламалары бойынша бақ сынайды.
U23 Азия чемпионаты жас спортшылар үшін халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, құрлықтағы мықтылармен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Бұл дода Қазақстан құрамасының алдағы ірі жарыстарға дайындығын бағалауға да жол ашады.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы ұлттық құрама спортшыларына сәттілік тілейді!