Қазақстан құрамасы U23 Азия чемпионатындағы жарысты бастадыі

Қазақстан құрамасы U23 Азия чемпионатындағы жарысты бастадыі

Бүгін Қытайдың Ордос қаласында жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының шымылдығы түрілді.

Құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасының намысын 21 спортшы қорғайды. Олар жүгіру, кедергілер арқылы жүгіру, эстафеталық жарыс, секіру, спорттық жүріс және көпсайыс бағдарламалары бойынша сынға түседі.

Төрт күнге созылатын додаға Азияның жетекші жас жеңіл атлеттері қатысып, құрлық чемпионатының жүлделерін сарапқа салады. Қазақстандық спортшылардың да бірқатар сайыс түрлерінде жүлдеге таласуға мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 9–12 шілде аралығында өтеді. Чемпионат қорытындысы бойынша спортшылар әлемдік және құрлықтық рейтингтеріне маңызды ұпайлар жинайды.