Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан 2nd Asian Relays Championships жарысында Қазақстан ұлттық құрамасы алтын медаль жеңіп алды.
Отандастарымыз аралас 4×400 метр эстафетада сәтті өнер көрсетіп, финалдық сында мәреге бірінші болып жетті. Қазақстан құрамасы қашықтықты 3:16.75 нәтижемен аяқтап, қарсыластарынан басым түсті.
Бұл дисциплинада күміс жүлдені Үндістан құрамасы иеленді. Ал Қытай командасы 3:17.20 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді. Аралас эстафетада Қазақстан намысын Аделина Земс, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов және Мария Шувалова қорғады.
Айта кетейік, Азия эстафеталық чемпионаты Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатыр. Байрақты додаға құрлықтың үздік құрамалары қатысуда.