Каролин Кипкируиді уақытша шектету туралы

Каролин Кипкируиді уақытша шектету туралы

Athletics Integrity Unit (EIU) спортшы Каролин Кипкируиге допингке қарсы 2,4 ережені бұзды (дұрыс орналасқан жері туралы ақпарат бермеді) деген айып тағылды.

Спортшы жарыстан тыс кезеңде сынама алу мақсатында 12 ай ішінде допинг бақылау офицерінің 3 сапарын жіберіп алды. AUI 2024 жылдың 21 ақпанынан бастап уақытша шеттету туралы шешім қабылдады, егер шеттету туралы түпкілікті шешім қабылданса, спортшы 2023 жылдың 27 қарашасынан бастап барлық нәтижелердің күшін жоя отырып, 2 жылға жарыстардан шеттетілуі мүмкін.

Спортшының бұзушылық фактісі бойынша Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан Штаттық ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Д. В. Карпов түсініктеме берді: «Әрбір спортшы допингке қарсы ережелердің сақталуына дербес жауап береді және қол жетімділігі үшін ақпарат беру бойынша міндеттемелерді орындауы тиіс. Бұл тыйым салынған заттарды немесе әдістерді қолдану емес тәртіпті сақтамау дисквалификацияға әкелгенін ескере отырып олимпиада жылындағы штаттық команда үшін үлкен дағдарыс. Бұл сәтсіз тәжірибе барлық спортшылар үшін сабақ болады деп сенемін, өйткені олардың болашағы мен өткен жетістіктерінің, жұмсалған күштері мен спортпен айналысқан жылдарының құндылығы допингке қарсы ережелерді сақтауға байланысты».