Иван Иванов Азия ойындарында ядро лақтырудан тоғызыншы орын алды

Иван Иванов Азия ойындарында ядро лақтырудан тоғызыншы орын алды

Қазақстандық жеңіл атлет Иван Иванов Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ядро лақтырудан тоғызыншы орын иеленді.

 
34 жастағы спортшы Азия ойындарына үшінші рет қатысып отыр. Ол 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында 19,40 метр нәтижесімен қола медаль жеңіп алған. 2023 жылғы Ханчжоудағы додада Иванов 18,68 метр нәтижесімен өнер көрсетті.


Нагояда қазақстандық спортшының ең үздік көрсеткіші 18,46 метр болды. Ол үш мүмкіндігінің қорытындысы бойынша тоғызыншы орынға тұрақтады. Иван Иванов – ядро лақтырудан Қазақстан рекордының иегері және осы спорт түрінен елдің жетекші спортшыларының бірі.


Азия ойындары. Ядро лақтыру. Ерлер

1. Мохаммедреза Таебисе (Иран) – 20,81 м — GR
2. Таджиндерпал Сингх Тоор (Үндістан) – 20,64 м
3. Мохаммед Толу (Сауд Арабиясы) – 20,48 м

9. Иван Иванов (Қазақстан) – 18,46 м

Фото: Владислав Семенов