U18 Азия Чемпионатының бірінші күнінің қорытындысы

U18 Азия Чемпионатының бірінші күнінің қорытындысы

Кувейтте өтіп жатқан U18 Азия Чемпионатының алғашқы күні біздің құрама спортшылары жақсы өрсеткіштерімен көзге түсті. Отандасымыз Сабрина Арзиева 5000метр қашықтыққа спорттық жүруден 27:35.44 нәтижесімен 1 орын алды. Ал ерлер арасында 1500 метр қашыққа жүгіруден Қазақстан рекордының иегері – Айбол Омар 4:07.99 нәтижесімен чемпионаттың қола жүлдегері атанды. 

Сондай-ақ, чемпионаттың бірінші күні келесі спортшылар өнер көрсетті: онсайыста Иван Сенинг 100 метрге жүгіруде 11.82 нәтиже, ұзындыққа секіруде 6.14 метр, ядро итеруде12.88 метр, биіктікке секіруде 1.81метр, 400 метрге жүгіруде 54.87 секунд нәтиже көрсетті.

Ал қыздар арасында 100 метрге жүгіруден Мария Шувалова 12.24 нәтижемен финалға өтті. Лидия Сафонова болса 12.70 нәтижемен 9-орынға жайғасты.

Ерлер арасында 100 метрге жүгіруден Иван Тетерин 11.05 нәтиже көрсетіп 11-орын, Данил Попов 11.10 нәтижемен 13-орын алды.

Никита Петякин ерлер арасында 400 метрге жүгіруден 51.63 нәтижемен финалға өтті. Мади Токенов 51.94 нәтиже көрсетті. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш оған финалға өтуге мүмкіндік берген жоқ.

Ерлер арасында сырықпен секіруден Максим Балабин үндістандық спортшыға есе жіберіп, 4,50 метр нәтижемен 4-орынға тұрақтады.

Диляра Хайбуллина ұзындыққа секіруден 5.51 метр нәтижесімен 7-орынға тұрақтады.

Жасөспірімдер арасындағы U18 Азия Чемпионаты 16-қазанға дейін жалғасады.

2 3 4