Барлық қызығушылық танытқан спортшылар, жаттықтырушылар мен жеңіл атлетика жанкүйерлері тестті сәтті тапсырғаны үшін жарысты ұйымдастырушылар, серіктестер және демеушілер тарапынан естелік сыйлықтарға ие болды.
Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика Федерациясы допингсіз спортпен шұғылдануға жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Қазақстан Республикасының Ұлттық допингке қарсы орталығымен бірлесе отырып, допингтің қауіптілігі туралы білімді тарату және антидопингке қарсы ережелерді бұзуға мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында жаттықтырушыларға, ұлттық құрама спортшыларына және резервтегі спортшыларға арналған допинг ережелері бойыншп оқу-ағарту іс-шаралары тұрақты түрде өткізіледі.
Play true! Run, jump, throw clean!
Бас серіктес: "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ
Серіктес: спортты қолдау қоры Sport Qory