Шымкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U-18 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында ұлдар арасында 400 метрге жүгіруден жүлдегерлер анықталды.
Алматы облысының өкілі Георгий Глаголев 50,17 секунд нәтижемен жеңіске жетіп, өз командасына осы чемпионаттағы алғашқы алтын медальді сыйлады. Сонымен қатар бұл көрсеткіш соңғы 13 жылдағы U-18 Қазақстан чемпионатындағы үздік нәтижелердің бірі болды.
Күміс жүлдені Астана спортшысы Нұртас Серікұлы жеңіп алды. Ол мәреге 51,35 секундта жетті. Қола медаль Шығыс Қазақстан облысының өкілі Тимур Жанасовқа бұйырды. Оның нәтижесі — 51,91 секунд.
400 м. Ұлдар:
- Георгий Глаголев — Алматы облысы — 50,17
- Нұртас Серікұлы — Астана — 51,35
- Тимур Жанасов — ШҚО — 51,91