Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға қатысатын отандық жеңіл атлеттер анықталды

Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға қатысатын отандық жеңіл атлеттер анықталды

21–27 шілде аралығында Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жеріндегі Бохум қаласында Дүниежүзілік жазғы Универсиада өтеді. Биылғы жарыста Қазақстан атынан 12 спорт түрі бойынша 76 спортшы бақ сынайды.

XXXII жазғы Дүниежүзілік Универсиадада еліміздің намысын жеңіл атлетикадан тоғыз спортшы қорғайды. Құрама сапына екі ер және жеті әйел спортшы енген.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы:

Кристина Ермола – 100 метрге және 100 метрге кедергілер арқылы жүгіру;

Александра Залюбовская – 200 және 400 метрге жүгіру;

Елизавета Матвеева – биіктікке секіру;

Кристина Овчинникова – биіктікке секіру;

Анастасия Рыпакова – ұзындыққа секіру;

Ясмина Тоқсанбаева – 20 шақырымға спорттық жүріс;

Алина Чистякова – жетісайыс;

Зелимхан Насыров – ұзындыққа және үш қарғып секіру;

Максим Фроловский – 1500 және 5000 метрге жүгіру.

Айта кетейік, Ермола мен Овчинниковадан басқа жеті спортшы биылғы Азия чемпионатына қатысқан. Аталған жарыста Елизавета Матвеева, Ясмина Тоқсанбаева, Зелимхан Насыров және Алина Чистякова жүлдеге қол жеткізді.

Матвеева биіктікке секіруден күміс медаль жеңіп алса, Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола жүлдегер атанды. Ал Насыров үш қарғып секіруде, Чистякова жетісайыста жалпы есепте алтыншы орынға ие болды.