Дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар табысталды

Дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар табысталды

Дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар табысталды

Астанада республикалық Тамыз конференциясы аясында «Дене шынықтыру – адами капиталды дамытудың стратегиялық негізі: заманауи тәсілдер, инновациялар және үздік тәжірибелер» тақырыбында панельдік секция өтті.

Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған басқосуға еліміздің әр өңірінен 350 маман қатысты. Олардың қатарында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, әдіскерлер, білім беру саласының басшылары мен республикалық спорт федерацияларының өкілдері болды.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы секцияға арнайы шақырту бойынша қатысты. Қорытынды марапаттау рәсімінде федерация атынан дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар табысталды. Іс-шараға федерацияның Бас хатшысы Келбет Нұрғазина қатысты.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».