ДАВИД ЕФРЕМОВ – ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Ташкентте өтіп жатқан III Орталық Азия чемпионатында Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден үшінші орын алды. Ақтық сында 14,12 секунд көрсетіп, бір ай бұрынғы ел біріншілігіндегі уақытын 0,01 секундқа жақсартты. Ал тағы бір отандасымыз Евгений Прокудин 14,19 секундпен төртінші орынға тұрақтады.
110 м кедергілер арқылы жүгіру. Ерлер:
1. Эргаш Нормуродов (Өзбекстан) — 13,82 с
2. Зайниддин Равшанов (Өзбекстан) — 14,01 с
3. Давид Ефремов (Қазақстан) — 14,12 с
4. Евгений Прокудин (Қазақстан) — 14,19 с