Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының өкілі Дастан Мұқашбеков күміс медаль иеленді.
Отандасымыз ерлер арасында F36 санатында ядро серпу сайысында 15,47 метр нәтижесін көрсетіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды. Аталған сайыста Өзбекстан өкілі Бахтиёров Б. 15,98 метр нәтижесімен алтын медаль жеңіп алса, Қазақстан спортшысы Иван Зелезняк 12,71 метр көрсеткішпен қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс медаль түсті.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».