Дастан Мукашбеков V Азия Пара ойындарында Қазақстанның туын алып шығады

Дастан Мукашбеков V Азия Пара ойындарында Қазақстанның туын алып шығады

Астанада V Азия Пара ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасын шығарып салу рәсімі өтті. Париж-2024 Паралимпиадасының қола жүлдегері, пара жеңіл атлетикадан әлем чемпионы Дастан Мукашбеков Аичи–Нагоя 2026 ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның Мемлекеттік туын алып шығады.

Шара «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтті. Рәсімге Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық паралимпиада комитеті мен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының өкілдері қатысты.

Ұлттық құрама атынан салтанатты антты Дастан Мукашбеков қабылдады.

«Қазақстанның Мемлекеттік туын Азия Пара ойындарында алып шығу — мен үшін үлкен мәртебе. Еліміздің көрсеткен ерекше сенімін бағалап, жауапкершілігімді сезіне отырып, Азия Пара ойындарында еліміздің намысын лайықты қорғап, жоғары нәтижеге жету үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын», — деді спортшы.

V Азия Пара ойындары 18–24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Қазақстан атынан 12 спорт түрінен 150 спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында пара жеңіл атлетика өкілдері де бар.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».