Кувейт - U18 Азия чемпионаты

Кувейт - U18 Азия чемпионаты

Бұл күндері жас спортшылар жеке рекордтар, жетістіктер және командалық ұпайлар үшін белсенді күресуде.

Осыған орай, спортшылардың 2022 жылғы 13-16 қазан аралығында Кувейтте өтетін U18 Азия чемпионатының іріктеуінен өту мүмкіндігі бар.

Аталмыш Чемпионатқа 33 елден 400 атлет қатысады деп күтілуде.

Турнирге қатысуын растаған елдер: Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн, Оман, Сирия, Ливан, Иордания, Палестина, Йемен, Ирак, Иран, Бангладеш, Пәкістан, Бруней, Қытай Тайпэйі, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Лаос, Таиланд, Малайзия, Непал, Мальдив аралдары, Филиппин, Сингапур, Тәжікстан, Вьетнам және Кувейт.

Чемпионат Ахмад әл-Рашид атындағы стадионда өтеді.

 

- "Самұрық-Қазына" АҚ және "Sport Qory"туризм және спорт индустриясын қолдау қоры қолдауымен