Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Дмитрий Карпов Алматыда өткен дәстүрлі Ғұсман Қосанов мемориалын қорытындылады, деп жазады федерацияның баспасөз қызметі.
Бас бапкердің айтуынша, қазақстандық бірнеше спортшы жақсы нәтиже көрсеткен.
«Турнирге 17 мемлекеттен келген 200-ден аса спортшы қатысты. Оның ішінде, қазақстандық атлеттер де үлкен бәселестік тудырғанын атап өту керек. Әсіресе, жүгіру, секіру және лақтырудан ерекше көзге түсті.
Биіктікке секіуден топ жарған Надежда Дубовицкаяны тұрақты нәтижесі мен сенімді жеңісі үшін атап өткім келеді.
400 метрге жүгіруден жеңіске жеткен Александра Залюбовская керемет техникасымен ерекшеленді.
Сырықпен секіруден алтын алған Иван Товченик пен 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден үздіктер қатарына енген Аделина Земстің өнері де көңілден шықты.
Ядро лақтырудан Иван Ивановтың жеңіске деген жігері керемет болды. Жалпы, осы сектордағы жарыс өте тартысты өтті. Алтын жүлде алған грузиялық спортшы Гиорги Мужаридзе де құрметке лайық.
Қосанов турнирі отандық жеңіл атлеттер үшін үлкен спорттық мерекеге айналды», - дейді бас бапкер Дмитрий Карпов.
Турнирдің демеушілері: "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры; «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры