Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір күміс жүлдемен толықты. Жетісайыс бағдарламасында өнер көрсеткен Алина Чистякова жоғары нәтиже көрсетіп, құрлықтық додада вице-чемпион атанды.
Қазақстандық спортшы жеті сайыстың қорытындысы бойынша 5737 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Азия чемпионы атағын Қытай өкілі Синьюй Ху 5802 ұпаймен жеңіп алса, қола жүлде 5572 ұпай еншілеген Өзбекстан спортшысы Угилой Норбоеваға бұйырды.
Алина Чистякова жарыс барысында тұрақты өнер көрсетіп, бірнеше бағдарламада жеке рекордтарын жаңартты. Нәтижесінде өз мансабындағы ең үздік халықаралық көрсеткіштердің біріне қол жеткізіп, Қазақстан құрамасына кезекті жүлдені сыйлады.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының Ордоста өтіп жатқан U23 Азия чемпионатындағы төртінші жүлдесі. Бұған дейін Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіруден күміс медаль