Қазақстандық жеңіл атлеттер Өзбекстандағы беделді халықаралық турнирге қатысады

Қазақстандық жеңіл атлеттер Өзбекстандағы беделді халықаралық турнирге қатысады

15 мамыр күні Ташкент қаласында орналасқан Өзбекстанның Жеңіл атлетика федерациясы стадионында UNG Meeting атты қола деңгейлі халықаралық турнир өтеді. Бұл турнирге 13 елдің өкілдері қатысып, жеңіс үшін бақ сынайды. Атап айтқанда, Қазақстан, Әзербайжан, Эфиопия, Грузия, Иран, Израиль, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Түркия, Марокко, Судан және жарыс қожайыны — Өзбекстанның жеңіл атлеттері бақ сынайды.

Ташкенттегі бұл жарыс – Азия құрлығының спортшылары үшін мамыр айының соңында Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтетін Азия чемпионаты алдындағы маңызды дайындық болмақ. Бұл бәсеке спортшыларға жеке нәтижелерін жақсартып, халықаралық рейтингтегі орындарын жақсартуға мүмкіндік береді.

Өзбекстандағы ауқымды жарыста ел намысын 20 спортшы қорғайды. Оның үшеуі 27–31 мамыр күндері Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтетін Азия чемпионатында да бақ сынайды. Олар – Александра Залюбовская, спорттық мансабын қайта жандандырған Виктория Ан және Мария Ефремова.

Ерлер

Игорь Косолапов (Қарағанды облысы) – биіктікке секіру;

Сергей Сухов (Қарағанды облысы) – 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру;

Занғар Алғожаұлы (Алматы облысы) – 5000 метр;

Игорь Хрунин (ШҚО) – 5000 метр;

Евгений Миловацкий (Маңғыстау облысы) – диск лақтыру;

Евгений Лабутов (Маңғыстау облысы) – диск лақтыру;

Захар Левицкий (Павлодар облысы) – 110 метрге тосқауылдармен жүгіру;

Максим Миронов (ШҚО) – 400 метр;

Евгений Киселев (СҚО) – үш қарғып секіру;

Эмиль Тисин (Қарағанды облысы) – 100 метр.

 

Әйелдер

Виктория Сукачева (Алматы қаласы) – 800 метр;

Виктория Ан (Алматы қаласы) – 400 метр;

Александра Залюбовская (Павлодар облысы) – 400 метр;

Диана Гейнц (Павлодар облысы) – найза лақтыру;

Диана Трофименко (Павлодар облысы) – 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру;

Кристина Ермола (Павлодар облысы) – 100 метрге тосқауылдармен жүгіру;

Елизавета Волкова (Павлодар облысы) – 800 метр;

Анастасия Цвиркунова (Қарағанды облысы) – 800 метр;

Антонина Чернышова (СҚО) – 100 метрге кедергілер арқылы жүгіру;

Мария Ефремова (Қарағанды облысы) – үш қарғып секіру.