Қазақстан құрамасы Мокпода өтетін Азия чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасы Мокпода өтетін Азия чемпионатына қатысады

Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында 2–3 мамыр күндері лақтыру түрлерінен Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарыс құрлық деңгейіндегі жеңіл атлетика күнтізбесіндегі маңызды бәсекелердің бірі болып саналады. Азияның үздік спортшылары жиналып, ядро итеру, диск, найза және балға лақтыру дисциплиналары бойынша өзара мықтыны анықтайды. Аталған додада ұлттық құрамадан да бірнеше спортшы ел намысын қорғайды.

Қазақстан сапында Иван Иванов ядро итеру сайысында, Евгений Миловацкий диск лақтыруда, Алексей Хлыстов найза лақтыруда, ал Анастасия Калошина балға лақтыру бағдарламасында өнер көрсетеді. Спортшыларымыз алдағы жарыста өнер көрсетіп, Азия чемпионатының жүлдесі үшін бақ сынайды.

Құрама мүшелеріне сәттілік тілейміз!