Гонконг қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U20 Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы кезекті медальға ие болды. 100 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында отандасымыз Алина Головина қола жүлдегер атанды.
Финалдық сында қазақстандық спортшы 13.93 секунд нәтижемен мәре сызығын үшінші болып кесті. Бұл көрсеткіш оның жеке рекорды болып тіркелді. Алина бұған дейінгі үздік уақытын 0.11 секундқа жақсартып, жоғары деңгейдегі нәтижеге қол жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша алтын медаль қытайлық Кейи Жангқа бұйырса, күміс жүлдені жапониялық Нана Ишихара иеленді. Осылайша Алина Головина Қазақстан құрамасының қоржынына чемпионаттағы екінші жүлдені салды.