Athletics Integrity Unit спортшы Нора Джерутоны қан сынамалардың айғақтары негізінде допингке қарсы ережені бұзды деп айыптады

Athletics Integrity Unit спортшы Нора Джерутоны қан сынамалардың айғақтары негізінде допингке қарсы ережені бұзды деп айыптады

Athletics Integrity Unit (AIU), World Athletics еншілес ұйымы, спортшы Нора Джерутоны қан сынамалардың айғақтары негізінде допингке қарсы ережені бұзды деп айыптады.

Допинг сынамасын зерттеу кезінде спортшының ағзасында тыйым салынған заттар табылмады, алайда гематологиялық профилінде өзгеріс тіркелді. AIU сарапшыларының пікірі бойынша, бұл өзгерістер тыйым салынған заттар немесе әдістерді қолдану мүмкіндігіне көрсетеді.

Айыптауларға жауап ретінде Нора Джеруто AIU комиссиясына халықаралық дәрігерлердің сараптамалық пікірлерімен расталған қорытындылармен мен медициналық құжаттардың толық пакетін берді.

Бұл тұжырымдар допинг немесе ЭПО инъекцияларын қолдану емес, өткен аурулардың салдарынан болған спортшының биологиялық паспортындағы өзгерістерді толық түсіндіреді.

AIU комиссиясы мәселе толық анықталғанша және түпкілікті шешім қабылданғанша спортшы Нора Джерутоны кез келген жарыстарға немесе іс-шараларға қатысудан уақытша шеттетеді.

Айта кетейік, Нора Джеруто жүкті болғандықтан биылғы жылдың күзіне дейін жарыстарға қатысуды жоспарлаған жоқ.

Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы допингтің кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады, сонымен қатар допингке қарсы ережелерді бұзумен күресу бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.