Бүгін, 20 қыркүйекте, Астанадағы Ботаникалық бақта Қазақстандағы алғашқы UNICEF Charity Run қайырымдылық жүгірісі өтті. Игі бастамаға 2000 адам, соның ішінде балалар, мүгедектігі бар жандар, кәсіби спортшылар, әуесқой жүгірушілер мен отбасылар қатысты.
Қатысушылар 2, 5 және 10 шақырымдық қашықтықтарда бақ сынады. Жүгіріс аясында жиналған қаражат ЮНИСЕФ-тің Қазақстанда әр балаға тең мүмкіндік беретін инклюзивті қоғам қалыптастыру бағдарламасын қолдауға бағытталады.
UNICEF Charity Run спорт арқылы адамдарды ортақ мақсатқа біріктіріп, балаларды қолдаудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті. Бүгінгі әр қадам — тең мүмкіндік пен инклюзивті қоғамға бағытталған ортақ үлес болды.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».