Астана қаласында 17 желтоқсанда көрнекті қазақстандық жеңіл атлет Әмин Тұяқовтың жүлделеріне арналған бірінші халықаралық турнир өтеді.

Астана қаласында 17 желтоқсанда көрнекті қазақстандық жеңіл атлет Әмин Тұяқовтың жүлделеріне арналған бірінші халықаралық турнир өтеді.

Астана қаласында 17 желтоқсанда Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде көрнекті қазақстандық жеңіл атлет Әмин Тұяқовтың жүлделеріне арналған бірінші халықаралық турнир өтеді.
Турнир 2023 жылы Будапешт қаласында өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысуға іріктеу кезеңдерінің бірі болып табылады.

Әмин Елемісұлы Тұяқов – кеңестік жеңіл атлет, КСРО чемпионаттарының жеңімпазы және жүлдегері, КСРО рекордсмені, Еуропа Кубогының иегері, Еуропа чемпионатының жүлдегері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Турнир туралы:
Жарыс бағдарламасында ерлер мен әйелдер арасында 8 дисциплина бар.
Ерлер: жүгіру – 60 м., 60 м. кедергілермен, 400 м. 800 м., 3000 м; ядро итеру; ұзындыққа секіру; биіктікке секіру.
Әйелдер: Жүгіру – 60 м., 60 м. кедергілермен, 400 м. 800 м., 3000 м.; биіктікке секіру; үш қарғып секіру; сырықпен секіру.
Сондай ақ, бағдарламаға балалар арасындағы жарыстар – 60 м.ұлдар мен қыздар арасында жүгіру және 4х200 mixed эстафетасы кіреді.
*балалар жарысы үшін бұл қашықтық кездейсоқ таңдалған жоқ. Әмин Тұяқов қысқа қашықтыққа жүгіруге және эстафеталық жүгіруге маманданған.

Өтетін орны – «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешені, Астана қаласы.
Жеңіл атлетика жанкүйерлерін күтеміз!