22-23 қараша аралығында Қ. Нұржанов атындағы жеңілатлетикалық манежде (Қарағанды қ.) жеңілатлетикалық төртсайыстан Қазақстан Республикасының балалар-жасөспірімдер спорт мектептері арасында XIX республикалық матчтық кездесу өтті. Турнир Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Карпова Вера Федоровнаны еске алуға арналды.
Жарысқа еліміздің 7 өңірінен: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарынан 14 команда қатысты.
Жарысқа қатысушыларды марапаттау үшін қазақстандық жеңіл атлет, 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Дмитрий Васильевич Карпов шақырылды.
Дмитрий Васильевич өзінің құттықтау сөзінде жас спортшыларға қиындықтардан қорықпауды, әрқашан кемелдікке ұмтылуды және Қазақстанды әлемдік аренада мақтанышпен көрсетуді тілеп, өскелең ұрпаққа қолдау сөздерін айтты.
Жалпы командалық есептің қорытындысы:
Қыздар арасында
- 1. №1 БЖМСМ, Павлодар қ.
- 2. ОМЖАБЖОЛРМ КМҚК, Қарағанды қ.
- 3. Жеңіл атлетикадан БЖМСМ КММ, Қарағанды қ.
Ұлдар арасында
- 1. ОМЖАБЖОЛРМ КМҚК, Қарағанды қ.
- 2. Ұлан ауданының "Таврия орта мектебі" КММ, Шығыс Қазақстан облысы
- 3. Жеңіл атлетикадан БЖМСМ КММ, Қарағанды қ.
Жарыс жас спортшыларға өз қабілеттерін көрсетуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Бұл турнир олардың спорттық мансабындағы маңызды кезең болып есептеледі және Вера Федоровна Карпованың Қазақстандағы жеңіл атлетиканың дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын тағы бір еске салады.
Біз лайықты бәсекелестік рух пен жоғары нәтиже көрсеткен барлық жас жеңімпаздар мен жүлдегерлер үшін шын жүректен қуаныштымыз! Құттықтаймыз!