Қазақстандық жеңіл атлет Анастасия Рыпакова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ұзындыққа секіруден 13-орын иеленді.
Анастасия Рыпакова үшін бұл – Азия ойындарындағы алғашқы жарыс. Ол іріктеу кезеңінде 5,80 метр нәтижесін көрсетіп, 16 спортшының арасында 13-орынға тұрақтады.
Анастасия – Қазақстан чемпионатындағы ұзындыққа секіру жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Ол Азия ойындарында өнер көрсеткен анасы Ольга Рыпакованың жолын жалғастырып отыр.
Ольга Рыпакова – Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы ең атақты спортшылардың бірі. Олимпиада чемпионы 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында соңғы рет бақ сынаған. Енді сегіз жылдан кейін оның қызы Анастасия Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғады. Осылайша, Рыпаковалар отбасы Қазақстанның Азия ойындарындағы спорттық әулеттерінің қатарына қосылды.
Фото: Сали Сабиров