Алматы мен Астана спортшылары үздік нәтиже көрсетті

Алматы мен Астана спортшылары үздік нәтиже көрсетті

Шымкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U-18 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында сырықпен секіру және 1500 метрге жүгіру бойынша жүлдегерлер анықталды.

Ұлдар арасындағы сырықпен секіруде алматылық Аркадий Демочкин чемпион атанды. Ол 4,40 метр биіктікті бағындырып, U-18 Қазақстан чемпионатындағы соңғы жылдардағы ең жоғары нәтижелердің бірін көрсетті. Күміс жүлдені тағы бір Алматы спортшысы Денис Шкердин жеңіп алды. Оның нәтижесі — 4,30 метр. Қола медаль Шығыс Қазақстан облысының өкілі Платон Кругловқа бұйырды. Ол 3,70 метр нәтиже көрсетті.

1500 метрге жүгіруде Астана командасы сәтті өнер көрсетті. Қыздар арасында Виктория Мельникова жеңіске жетсе, ұлдар арасында Нұрболсын Мұрат чемпион атанды. Ол қашықтықты 4:10,70 уақытта аяқтап, соңғы жылдардағы үздік нәтижелердің бірін тіркеді.

Бұл сында Жетісу облысының спортшылары да жүлделі орындардан көрінді. Александр Штиенко 4:11,18 нәтижемен күміс медаль жеңіп алса, Бағлан Ермек 4:11,67 көрсеткішпен қола жүлдеге ие болды.

Сырықпен секіру. Ұлдар:

  1. Аркадий Демочкин — Алматы — 4,40 м
  2. Денис Шкердин — Алматы — 4,30 м
  3. Платон Круглов — ШҚО — 3,70 м

1500 м. Ұлдар:

  1. Нұрболсын Мұрат — Астана — 4:10,70
  2. Александр Штиенко — Жетісу — 4:11,18
  3. Бағлан Ермек — Жетісу — 4:11,67

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».