Алина Чистякова Орталық Азия чемпионатында алтын алды

Алина Чистякова Орталық Азия чемпионатында алтын алды

Алина Чистякова Орталық Азия чемпионатында алтын алды

Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында Алина Чистякова ұзындыққа секіруден жеңімпаз атанды. Ол 6,10 метр нәтиже көрсетіп, Қазақстан құрамасына жарыстағы үшінші алтын жүлдені әкелді.

Күміс жүлдені Алинадан бір сантиметрге қалып қойған тағы бір қазақстандық спортшы Анастасия Рыпакова иеленді — 6,09 метр. Сингапурлық Розарио Тиа Луиза 6,08 метр нәтижемен үшінші орын алды.

Ұзындыққа секіру. Әйелдер:

1. Алина Чистякова (Қазақстан) — 6,10 м
2. Анастасия Рыпакова (Қазақстан) — 6,09 м
3. Розарио Тиа Луиза (Сингапур) — 6,08 м