Алан Иванов — Душанбедегі халықаралық турнирдің жеңімпазы

Алан Иванов — Душанбедегі халықаралық турнирдің жеңімпазы

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Олимпиада чемпиондары Андрей Абдувалиев пен Дильшод Назаровтың жүлдесіне арналған III халықаралық турнир басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық Алан Иванов ерлер арасында 400 метрге жүгіруде топ жарды. Алматы облысының өкілі қашықтықты 48.03 секундта бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар спортшы жеке рекордын жаңартты. Оның жаңа нәтижесі бұған дейінгі үздік көрсеткішінен 0.27 секундқа жылдам.

Аталған дисциплинада өзбекстандық Хасанбек Рустамджанов 48.55 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанса, қырғызстандық Руслан Литовский 49.36 секунд көрсеткішімен қола медаль иеленді.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Алан Иванов пен оның бапкерлерін жеңісімен құттықтайды!