Ақтөбе облысында жеңіл атлетиканы дамытуға басымдық беріледі

Ақтөбе облысында жеңіл атлетиканы дамытуға басымдық беріледі

30 қазанда Ақтөбе қаласында жеңіл атлетиканы дамыту мәселелеріне арналған өңірлік конференция өтті. Жиында аймақтағы спорт саласының қазіргі жағдайы, инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты кеңінен насихаттау бағыттары талқыланды.

Конференцияға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бірінші вице-президенті Алпамыс Бақытұлы мен бас хатшысы Келбет Нұрғазина қатысты. Жиын қорытындысы бойынша Құдайберген Арымбек Берікұлы Ақтөбе облыстық жеңіл атлетика федерациясының президенті болып тағайындалды. Алдағы уақытта өңірде жеңіл атлетиканың дамуына серпін беру, бұқаралық спортты насихаттау, жас спортшыларды қолдау және спорттық резервті қалыптастыру бағытында бірқатар жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».