9–10 қазанда Ақтау қаласында Әмин Тұяқовтың құрметіне арналған «Аминиада–2026» ашық республикалық жеңіл атлетика турнирі өтеді. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен және шетелден жас спортшылардың қатысуы күтіледі.
Әмин Тұяқов — Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Ол қысқа қашықтыққа жүгіру мен 4×100 метрлік эстафетада КСРО рекордтарын бірнеше рет жаңартып, Еуропа кубогында жеңіске жеткен және Еуропа чемпионатының күміс жүлдесін иеленген.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».