Аделина Земс Азия рейтингінде төртінші орынға көтерілді

Аделина Земс Азия рейтингінде төртінші орынға көтерілді

Ғұсман Қосанов мемориалында Аделина Земс 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңіске жетіп, жеке рекордын жаңартты.

Қазақстандық спортшы мәреге 55,69 секундта жетті. Осы нәтижеден кейін ол 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша Азия рейтингінде төртінші орынға көтерілді.

Қазіргі таңда Аделина Земстен жоғары нәтижені Қытай спортшылары Джади Мо мен Йингйинг Конг, сондай-ақ Бахрейн өкілі Кеми Адекоя көрсетіп отыр.

Айта кетейік, аталған дисциплина бойынша Азия рейтингінде Қазақстанның тағы үш спортшысы бар. Анастасия Цвиркунова, Екатерина Колода және Анастасия Колода 49–51-орындар аралығында орналасқан.