Юлия Башманова Орталық Азия чемпионатында жеңіске жетті

Юлия Башманова Орталық Азия чемпионатында жеңіске жетті

Иван Иванов Орталық Азия чемпионатында ядро серпуден жеңіске жетті

Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында Иван Иванов ядро серпуден алтын жүлде алды. Қазақстандық спортшының нәтижесі — 19,35 метр.

Екінші орынды түрікменстандық Гурбанназар Какаджаев (15,79 м), үшінші орынды өзбекстандық Абдуазим Рахматуллаев (15,39 м) иеленді.

Ивановтың Ташкенттегі көрсеткіші — оның соңғы екі жылдағы үздік нәтижелерінің бірі. 2026 жылы ол бұдан жоғары нәтижені Мокпода өткен Азия чемпионатында көрсеткен.

Ядро серпу. Ерлер:

1. Иван Иванов (Қазақстан) — 19,35 м
2. Гурбанназар Какаджаев (Түрікменстан) — 15,79 м
3. Абдуазим Рахматуллаев (Өзбекстан) — 15,39 м