Алматыда ұйымдастырылған жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосанов мемориалы аясында Kids Athletics жобасы бойынша жарыс өтті. Аталған турнирдің кішкентай қатысушыларының бірі Ағила Еркімбай жарыстан соң өз пікірін бөлісті, деп жазады Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Ағила Еркімбай Қосанов мемориалының аясында өткен Kids Athletics бәсекесінде аралас эстафетадан сынға түсті.
«Мен мұндай ірі жарысқа алғаш рет қатысып тұрмын. Бұған дейін біз жарысатын стадиондар мұндай үлкен болмаған. Алғашында қобалжу болғаны рас. Бірақ осындай турнирлер арқылы біз шыңдала түсеміз. Сондай-ақ, осы бәсеке арқылы мен Ғұсман Қосанов сынды даңқты қазақ атлеті туралы көбірек мәлімет білдім. Болашақта мен еліміздің намысын қорғайтын талантты атлет болғым келеді», - дейді Ағила.
Айта кетелік, Ғұсман Қосанов мемориалы аясында әлемге әйгілі Kids Athletics жобасының жарыстары дәстүрлі түрде өтіп келеді.
Турнирдің демеушілері: "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры; «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры