23-қаңтарда Астана қаласы «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде жеңіл атлетикадан Astana Meeting World indoor tour өтеді.

23-қаңтарда Астана қаласы «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде жеңіл атлетикадан Astana Meeting World indoor tour өтеді.

WORLD ATHLETICS INDOOR TOUR - 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жабық жеңіл атлетика жарыстарының жыл сайынғы сериясы.

Серия жабық жеңіл атлетика жарыстарына арналған Гауһар лига үлгісінде, жабық жайдағы жеңіл атлетикалық жарыстардың беделін арттыру мақсатында құрылған. Бұл серия бұрынғы IAAF Indoor Permit Meetings сериясын ауыстырды. 2021 жылы тур жарыстың үш деңгейін енгізді: алтын, күміс және қола. Astana Meeting жарыстың күміс мәртебесіне ие.

Жарықа шетел командаларынан 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олар жеңіл атлетиканың 12 түрінен сынға түседі. Жарыстың әр түрінде отандық спортшылармен қатар 4 шетелдік атлет бақ санасады.

Әр түрдегі жүлде қоры 4000 АҚШ долларын құрайды.

Аталмыш жарыс, отандық жеңіл атлетиканың беделін халықаралық деңгейде көтеріп, спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады. Astana meeting жеңіл атлетика саласындағы жылдың ең мәртебелі жарыстарының бірі болмақ.