22-23 маусымда Алматыда халықаралық XXXIII Qosanov Memorial әлемдік Continental Tour Bronze Level сериясының турнирі өтеді

22-23 маусымда Алматыда халықаралық XXXIII Qosanov Memorial әлемдік Continental Tour Bronze Level сериясының турнирі өтеді

2024 жылы Ғұсман Қосанов мемориалына 17 елден 300 спортшы қатысады: Әзірбайжан, Қытай, Эфиопия, Грузия, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Малайзия, Филиппин, Катар, Сингапур, Таиланд, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан.

Спортшылар 25 000 АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын ұтысқа салады, олимпиадалық лицензиялар мен әлемдік рейтингтік ұпайларды жинауда сайысқа түседі. Бұл жарыстың тамаша әрі тартысты өтуіне кепілдік береді.

Біз барлық жанкүйерлер мен жеңіл атлетика әуесқойларын көрермендер мінберінде күтеміз.

Жарыс Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, SportQory, «Казцинк» компаниясы және Tassay қолдауымен өткізілуде.

Жарыс бағдарламасы qazathletics.kz сайтында жарияланады. Нәтижелерді нақты уақыт режимінде sport-online.kz сайтында көруге болады.

Өтетін орны: Алматы облысы, Бекзат Саттарханов көшесі, 105/1.

Мекенжай: https://2gis.kz/almaty/geo/9430047405494875/76.720682,43.241738