ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЖАБЫҚ ЖАЙДАҒЫ  10 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЖАБЫҚ ЖАЙДАҒЫ 10 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Астанада Жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті.  Чемпионаттың соңғы күні 12 финалдық жарыс өтіп, жеңімпаздар анықталды.

Әйелдер арасында биіктікке секіруден барлық жүлделі орындарды Қазақстан спортшылары иеленді. 1.89м үздік көрсеткішті Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова көрсетті. Овчинникова тек мүмкіндік сананын ғана есе жіберді. Үшінші орынды 1.84 нәтижесімен Елизавеета Матвеева иеленді.

Ерлер арасында ұзындыққа секіруден 8.02 метр нәтижесімен тайпейлік Лин Ю Танг үздік атанды. Екінші орында үндістандық Джесвин Алдрин (7.97 метр), үшінші орында қытайлық Джанг Минкун (7.92 метр) тұрақтады.

Сауд Арабиясы спортшысы Хусаин асим Алхизам сырықпен секіруде 5.45 метр нәтижесімен Чемпион атанды. Катар спортшысы Сейфелдин Мухамед Абдильсалам 5.35 метр нәтижесімен 2-орын, тайландтық Патсапонг Амсамарнг тек қана мүмкіндік санынан есе жіберіп, 5.35 метр нәтижесімен 3-орын иелерді. Қазақстандық Иван Товченник 5.25 нәтижесімен 4-орынға тұрақтады.

Ерлер арасындағы эстафета Чемпионаттың ең тартысты жарыстарының бірі болды. 4х400метр эстафетадан отандық ерлер командасы Азия Чемпионатында алтын медаль иеленді. Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс және Михаил Литвин 3:09.15 нәтижесімен ел қоржынына кезекті медаль әкеліп қоймай, ұлттық рекордты жаңартты.  Екінші орында 3:09.26 нәтижесімен Катар команадасы, үшінші орында 3:34.45 нәтижесімен Тәжікстан құрамасы тұрақтады.

4х400м эстафетасында қазақстандық қыздар командасы 3:44.21 нәтижесімен мәре сызығын бірінші боп кесті. Команда құрамы: Алелина Земс, Александра Залюбовская, Кристина Кондрашева, Элина Михина. Екінші орынды Өзбекстан 3:46.45 нәтижесімен құрамасы қанжығалады.

Әйелдер арасында ұзындыққа секіріден Жапония командасының спортшысы Сумире Хата бірінші орын (6,64метр), қытайлық Хуан Иньин (6.43 метр) нәтижесімен екінші орын, өзбекстандық Дарья Резниченко (6.37 метр) нәтижесімен 3-орын иеленді.

Ерлер арасында биіктікке секіруден Реичи Акамацу (Жапония) 2.28метр биіктікті еңсеріп Чемпион атанды. Корейлік У Сангхек 2.24 метр нәтижемен 2-орын, сириялық Маджд Эддин Газаль(2.24метр) мүмкіндік санынан есе жіберіп 3-орын иеленді.

Ерлер арасында 3000м жүгіруден отардасымыз Шэдрак Кимутай Коеч 7:59.84 нәтижесімен 3-орын алды. 1-орын 7:55.25 нәтижесімен Мухаммад Алгарни (Катар), 2-орын 7:56.41 нәтижесімен Кейта Сато (Жапония) иеленді.

Кезекті алтын медальді ерлер арасында кедергілер арқылы 60метрге жүгіруден Давид Ефремов иеленді. Спортшымыз бұл қашықтықты 7.65 секундта жүгіріп өтті. Екінші орын Чем Куе Ру (7.68), үшінші орын жапондық Шукей Ишикава (7.70) иеленді.

Ерлер арасында онсайыста жапондық спортшылар үздік танылды. 1-орын Юма Маруяма (Жапония), 2-орын Кейсуке Окуда (Жапония), 3-орын Дженри Убас (Филиппин) иеленді.

Кувейт спортшысы ерлер арасында 800метрге жүгіруден Чемпион атанды. Эбрахим Альзофайри қашықтықты 1:49.33 секундта мәре сызығын бірінші боп кесті. Жүлделі 2ші және 3ші орындарды Катар спортшылары иеленді. Абдурахман Саид Хассан 1:49.58, Мусааб Абдулрахман Бала 1:49.68 нәтижесін көрсетті.

Әйелдер арасында 800 метрге жүгіруден Қытайлық У Хун Цзяо 2:06.85 нәтижесімен 1-орын, Жапондық Аяно Шиоми 2:07.18 нәтижесімен 2-орын, Рао СИНЬЮ (Қытай) 2:08.75 нәтижесімен 3-орын иеленді. Қазақстандық Ақбаян Нұрмәмет 2:10.00 нәтижесімен міре сызығын 4-ші болып кесті.

Әйелдер арасында 60етрге кедергілермен жүгіруде Маюми Аоки 8.01 секунд нәтижемен мәрені бірінші болып кесті. Үндістандық Джиоти Яррахи 8.13 секунд нәтижемен 2-орын, қытайлық Чэнь Цзяминь 8.15 секунд нәтижемен 3-орын алды.

Қорытындылай келе командалық есепте Қазақстан құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 3 қола медальмен 2-орынға тұрақтады.

Жапония құрамасы 6 алтын, 5 күміс және 4 қола медальмен 1-орын, Катар құрамасы 2 алтын, 4 күміс, 2 қола медальмен 3-орын иеленді.

Чемпионаттың ресми жабылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті генерал Дахлан әл-Хамад, ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов және ҚР жеңіл атлетика Федерациясының президенті Даниал Ахметов спортшылар мен ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге алғыс білдірді. Сонымен қатар, отандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби мансабын аяқтады.

Чемпионат 10-12 ақпан күндері Астана қаласы, «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтті. Спорттық додаға Азияның 30 елінен 500 ге жуық спортшы қатысты. Олар өзара 26 медаль жиынтығын сарапқа салды. Жарыс QazSport телеарнасында және QazAthletics ютуб арнасында тікелей эфирде көрсетілді.