Жеңіл атлетика: Қазақстан U-20 Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

Жеңіл атлетика: Қазақстан U-20 Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

Гонконгте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U-20 Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада күміс медаль жеңіп алды.

Құрама сапында Қарағандылық Милана Зубарева, алматылық Маргарита Косинова, павлодарлық Мария Зиневич және Өскемендік Софья Киденко өнер көрсетті.

Жарыс барысында қазақстандық төрттік жоғары қарқынды сақтап, мәре сызығына дейін жүлделі орын үшін тартысты күрес жүргізді. Нәтижесінде команда 3:43,63 уақыт көрсеткішімен екінші орынға тұрақтады.

Бұл сында алтын медаль Үндістан құрамасына бұйырса, қола жүлдені Гонконг спортшылары иеленді.