Жамбыл облысы жеңіл атлетика федерациясын Құтбай Талғат Серікұлы басқарады

Жамбыл облысы жеңіл атлетика федерациясын Құтбай Талғат Серікұлы басқарады

Құтбай Талғат Серікұлы – Жамбыл облысының тумасы, басқарушы және кәсіпкер. Жобалық менеджмент саласының халықаралық PMP (Project Management Professional) сертификатына ие.

Жоғары білімі бар. АҚШ-та білім алған: Массачусетс технологиялық институтының (MIT Sloan School of Management) бизнес мектебінде MBA дәрежесін, сондай-ақ Майами университетінің инженерлік факультетінде құрылыс саласы бойынша бакалавр дәрежесін алған. «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері.

Еңбек жолында мұнай-газ, энергетика және инвестициялық салаларда 14 жылдан астам тәжірибе жинақтаған. Chevron компаниясын қоса алғанда, халықаралық және қазақстандық ұйымдарда жұмыс істеп, стратегиялық басқару, инвестициялық талдау және ірі жобаларды іске асыру бағыттарында қызмет атқарған.

Қазіргі уақытта білім беру және спорт салаларындағы бастамаларды дамытуға атсалысуда.