Зелимхан Насыров Орталық Азия чемпионатында үш қарғып секіруден алтын алды

Зелимхан Насыров Орталық Азия чемпионатында үш қарғып секіруден алтын алды

Зелимхан Насыров Орталық Азия чемпионатында үш қарғып секіруден алтын алды

Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында Зелимхан Насыров үш қарғып секіруден 16,11 метр нәтижемен жеңіске жетті. Бұл — оның спорттық мансабындағы екінші үздік көрсеткіші.

Биіктікке, ұзындыққа және үш қарғып секіруден сынға түсетін Насыров биыл үш қарғып секіруге басымдық берді. Ол осы сайыста Қазақстан чемпионы атанған болатын.

Насыров 16 метр межесінен бұған дейін 2025 жылғы мамырда Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өткен Азия чемпионатында асқан еді. Сол жарыста ол 16,21 метр нәтиже көрсетті.

Үш қарғып секіру. Ерлер:

1. Зелимхан Насыров (Қазақстан) — 16,11 м
2. Ихтиёр Ахмаджанов (Өзбекстан) — 15,39 м
3. Ли Цзин Йи Габриэль (Сингапур) — 15,19 м
4. Глеб Гладилов (Қазақстан) — 14,96 м