Виктория Сукачева — Душанбедегі халықаралық турнирдің жеңімпазы

Виктория Сукачева — Душанбедегі халықаралық турнирдің жеңімпазы

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Олимпиада чемпиондары Андрей Абдувалиев пен Дильшод Назаровтың жүлдесіне арналған III халықаралық турнирдің алғашқы жарыс күні өтті.

Әйелдер арасында 800 метрге жүгіруде қазақстандық Виктория Сукачева алтын медаль жеңіп алды.

Алматылық спортшы қашықтықты 2:11.24 нәтижемен аяқтап, қарсыластарынан айқын басым түсті. Виктория мәре сызығын екінші орын алған спортшыдан шамамен 2 секунд бұрын кесіп өтті.

Айта кетейік, бұл сында қырғызстандық Анна Коробцева 2:13.00 нәтижемен күміс жүлде иеленсе, Өзбекстан өкілі Мунавва Холтораева 2:20.48 көрсеткішімен қола медаль жеңіп алды.

Викторияны және бапкерлерді жарқын жеңісімен құттықтаймыз!