Шымкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U-18 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында қыздар арасында 1500 метрге жүгіруде жүлдегерлер анықталды.
Астана қаласының өкілі Виктория Мельникова 4:48,5 нәтижемен ел чемпионы атанды. Бұл көрсеткіш соңғы 13 жылдағы U-18 Қазақстан чемпионатындағы үздік нәтижелердің бірі болды. Сонымен қатар Виктория осы дисциплинада Астана атынан алтын медаль жеңіп алған алғашқы спортшы атанды.
Күміс жүлдені Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Валерия Зверева иеленді. Ол қашықтықты 4:56,7 уақытта аяқтап, өз өңірінің бұл дисциплинадағы ұзақ үзілісін тоқтатты. Соңғы рет СҚО спортшысы қыздар арасындағы 1500 метрде 2013 жылы жүлде алған еді.
Қола медаль Қарағанды облысының өкілі Аида Ақылбековаға бұйырды. Оның нәтижесі — 5:05,9.
1500 м. Қыздар:
- Виктория Мельникова — Астана — 4:48,5
- Валерия Зверева — СҚО — 4:56,7
- Аида Ақылбекова — Қарағанды облысы — 5:05,9