Виктория Ан Ташкенттегі Орталық Азия чемпионатында 100 метрге жүгіруден іріктеудің үздік нәтижесін көрсетті

Виктория Ан Ташкенттегі Орталық Азия чемпионатында 100 метрге жүгіруден іріктеудің үздік нәтижесін көрсетті

Виктория Ан Ташкенттегі Орталық Азия чемпионатында 100 метрге жүгіруден іріктеудің үздік нәтижесін көрсетті

23 тамызда Ташкентте жеңіл атлетикадан III Орталық Азия ашық чемпионаты басталды. 25 тамызға дейін жалғасатын жарысқа Қазақстан атынан 40 спортшы қатысып жатыр.

Әйелдер арасындағы 100 метрге жүгірудің іріктеу кезеңінде Виктория Ан 11,97 секунд нәтиже көрсетіп, күндізгі сессиядағы ең жылдам спортшы атанды. Ол қатысушылар арасында қашықтықты 12 секундқа жетпей жүгіріп өткен жалғыз атлет болды.

Маргарита Назаренко өз тобында 12,23 секунд нәтижемен екінші орын алып, келесі кезеңге өтті. Дарья Гридасова өз тобында үшінші келді — 12,49 секунд. Бұл нәтиже келесі кезеңге өтуге жеткіліксіз болды.

100 метрге жүгіру. Әйелдер арасындағы іріктеуде қазақстандық спортшылардың нәтижелері:

* Виктория Ан — 11,97 с (келесі кезеңге өтті);
* Маргарита Назаренко — 12,23 с (келесі кезеңге өтті);
* Дарья Гридасова — 12,49 с.

Чемпионатқа Орталық Азияның бес елінен бөлек Сауд Арабиясы, Таиланд, Сингапур және Грузия спортшылары қатысуда. Жарыстар Olympic City кешеніндегі жаңа Олимпиада стадионында және Өзбекстан жеңіл атлетика федерациясының стадионында өтеді. Бұл дода Қазақстан құрамасының Азия ойындарына дайындық кезеңіндегі халықаралық жарыстардың бірі.