U-23 ҚРЧ ФИНАЛЫНДАҒЫ ЕҢ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ

U-23 ҚРЧ ФИНАЛЫНДАҒЫ ЕҢ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ

Жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі барысында тек бір ғана финалдық сында бірінші және екінші орынның арасын 0,01 секунд бөліп тұды. Бұл 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден ерлер арасындағы дода болатын. Жарыс қожайыны Ерасыл Мырзамұхамбетов пен теміртаулық талант Георгий Козьма алтын үшін нағыз айқас өткізді.

Бұл екі атлеттің өзара кездесуіне дейінгі жүріп өткен жолы ұқсас көрінгенімен, алуандығы да жоқ емес. Өскемендік Ерасыл Астанадағы Қазақстан чемпионатын сәтсіз өткізіп, 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден 8,51 нәтижесімен алтыншы орынға тұрақтады. Есесіне, кейінгі екі жарысты ойдағыдай өткізіп, өзінің жеке рекордын екі рет жаңартты! Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған турнирде ол аталған қашықтықты 8,35 секундта жүгіріп өтті. Ал Олимпиада чемпионының атындағы турнирден екі апта кейін басталған жарыста Ерасылдың қаншалықты жылдам бола түскендегіні анықтау ғана қалды.

Георгий Козьма да Астанадағы Қазақстан чемпионатына қатысты, бірақ үш қарғып секіруден бақ сынап, өзінің жеке рекордын орнатқан еді. Оның қаңтар айында қаншалықты бабында болғаны біз үшін жұмбақ күйінде қалған. Бірақ Өскеменде өткен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде Георгий 8,14 секундты тіркеп, бабында екенін көрсетті. Алайда, жасөспірімдер жарысында кедергілер ересектер бәсекесіндегідей емес, аласалау екенін ұмытпау керек. Сондықтан, кімнің фаворит екені жайлы сұрақ басы ашық күйінде қалды. Одан бөлек, жүлдеге үміткер екі спортшыдан бөлек, тұрақтылығымен ерекшеленетін павлодардық Захар Левицкий де жарыс жолына шықты. Ол фальстартқа жол бергенімен, Захардың жарыс жолында жүргені қарсыластардың босаңсуына жол берген жоқ.

Әрі қарай бәрі ертегідей жалғасты. Екі фавориттің ғаламат жылдамдығына куә болдық. Бір уақытта Мырзамұхамбетов алға шығып, былтырғы атағын қорғауға дайын болғандай көрінген. Бірақ мәреге бәрі бірдей жетті. Сондықтан, бұл жерде электрониканың көмегінсіз чемпионды анықтау мүмкін емес еді.

Жарыс қорытындысы бойынша екі талантты спортшының екі рекорды тіркелді. Иә, Мырзамұхамбетов жастар арасындағы Қазақстан чемпионы атағын қорғай алған жоқ, бірақ өзінің рекордын жаңартып, бар болғаны 0,01 секундқа артта қалды. Георгий Козьма жастар арасындағы ел чемпионатында жеңіске жетті, оның әлі жас екенін ескерсек, бұл бәсекеде әлі талай бақ сынайтыны анық. Айтпақшы, екі фаворит келесі жылы тағы кездеседі. Мүмкін, осы финалды тағы қайталайтын шығар?

60 МЕТРГЕ КЕДЕРГІЛЕР АРҚЫЛЫ ЖҮГІРУ

Ерлер

1. Георгий Козьма (Қарағанды обл) – 8,31
2. Ерасыл Мырзамұхамбетов (ШҚО) – 8,32
3. Ниятолла Айбол (Ұлытау) – 8,70

1 3