Шымкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U-18 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында бірқатар дисциплина бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Қыздар арасындағы 100 метрге жүгіруде Астана спортшысы Алеся Бибикова чемпион атанды. Ол мәреге 12,58 секундта жетті. Күміс және қола жүлделер Шығыс Қазақстан облысының өкілдеріне бұйырды: Дарья Ситникова екінші, Амина Жайнакова үшінші орын алды.
Ұлдар арасындағы 100 метрлік сында Қарағанды облысының спортшысы Виктор Исабаев үздік шықты. Оның нәтижесі — 11,07 секунд. Екінші орынды ШҚО спортшысы Даниил Мироненко, үшінші орынды Алматы өкілі Максим Бехтеев иеленді.
Ядро итеруде Шығыс Қазақстан облысының өкілі Роман Верченко 15,23 метр нәтижемен чемпион атанды. Күміс жүлдені шымкенттік Давид Караваев, қола медальді Қарағанды облысының спортшысы Марк Борченко жеңіп алды.
Ұлдар арасындағы ұзындыққа секіруде Қарағанды облысының өкілі Андрей Ким екінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды. Ол 6,85 метрге секірді. Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Абай Қасенов күміс, алматылық Ростислав Кирюшин қола жүлдеге ие болды.
100 м. Қыздар:
- Алеся Бибикова — Астана — 12,58
- Дарья Ситникова — ШҚО — 12,67
- Амина Жайнакова — ШҚО — 12,68
100 м. Ұлдар:
- Виктор Исабаев — Қарағанды облысы — 11,07
- Даниил Мироненко — ШҚО — 11,10
- Максим Бехтеев — Алматы — 11,29
Ядро итеру. Ұлдар:
- Роман Верченко — ШҚО — 15,23 м
- Давид Караваев — Шымкент — 14,80 м
- Марк Борченко — Қарағанды облысы — 13,84 м
Ұзындыққа секіру. Ұлдар:
- Андрей Ким — Қарағанды облысы — 6,85 м
- Абай Қасенов — СҚО — 6,80 м
- Ростислав Кирюшин — Алматы — 6,75 м