Спортшылар Qosanov Memorial турниріне дайындық жүргізуде

Спортшылар Qosanov Memorial турниріне дайындық жүргізуде

Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан XXXV Qosanov Memorial World Athletics Continental Tour Bronze Level халықаралық турниріне қатысушылар жарыс алдындағы соңғы дайындықтарын өткізуде.

Спортшылар Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда жаттығып, жүгіру жолы мен жарыс секторларына бейімделіп жатыр. Қатысушылар бапкерлерімен бірге техникалық элементтерді қайталап, алдағы бәсекеге дайындығын пысықтауда.

30 маусым мен 1 шілде аралығында өтетін халықаралық турнирге 11 елден 250-ге жуық спортшы қатысады. Олар жүгіру, секіру, лақтыру және эстафеталық сайыстарда бақ сынайды.

Ғұсман Қосановты еске алуға арналған дәстүрлі дода биыл 35-рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс World Athletics Continental Tour Bronze Level санатына кіреді.