СПОРТ – САЯСАТТАН ТЫС. ЕЛОРДАЛЫҚ «QAZAQSTAN» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЖАБЫҚ ЖАЙДАҒЫ 10 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

СПОРТ – САЯСАТТАН ТЫС. ЕЛОРДАЛЫҚ «QAZAQSTAN» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЖАБЫҚ ЖАЙДАҒЫ 10 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Жиында Жиынға жеңіл атлетика қауымдастығының президенті – Дахлан әл-Хамад, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика Федерациясының президенті – Даниал Ахметов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі – Серік ЖАРАСПАЕВ, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетикадан ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы – Дмитрий Карпов және Жабық жайдағы Әлем Чемпионатының қола жүлдегері – Надежда Дубовицкая қатысты. Олар Чемпионаттың ерекшеліктері туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.

«Мен осы чемпионатты ұйымдастыру деңгейіне өте қуаныштымын. Бұл (құрылыс) Қазақстан кешені бізді таң қалдырды. Осы чемпионатқа қатысу үшін келген әр түрлі елдердің барлық спортшылары жақсы әсер алып, жасалған барлық жағдайларға дән риза. Мен Қазақстан халқы және ұйымдастырушылардың жеңіл атлетикадан әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдауға дайындығын көріп отырмын. Бұл ғимаратта күндердің күні жабық жайдағы жеңіл атлетикадан Әлем чемпионаты өтетініне сенімдімін», - деді алғы сөзінде Дахлан әл-Хамад.

Жиын барысында спикерлер атқарылған жұмыстар туралы айтып, алға қойылған жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар журналистер Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика Федерациясының президентінен шетелде туып өскен спортшылардың азаматтық алып, Қазақстан атынан сынға түсуі туралы ойын білді.

«Бұл әлемдік үрдіс, спорт – баршаға ортақ, спорт – саясаттан тыс. Әр спортшы өмір сүруге ыңғайлы, жаттығуға ыңғайлы жерді таңдайды. Біз әр түрлі спортшыларды шақырамыз, және бұл тек жеңіл атлетикада ғана емес. Ал келген спортшылар өздерінің біліктілігін, бай тәжірибесін жергілікті спортшыларға жеткізеді», деді Даниал Ахметов.

Ұлттық құрама спортшысы Надежда да Чемпионатқа дайындығы және аталмыш жарыстан күтер көрсеткішімен бөлісті. «Мен жабық жайда өнер көрсеткенді ұнаматын. Неге екенін түсіндіре алмаймын, дегенмен жабық жайда мен өзімді жақсы сезінемін. Азия Чемпионатында бәсекелестік өте жақсы. Бірақ мен әр спортшы үшін қарсылас – өзі екенін айтқым келеді. Спортшы мұны түсінген кезде,жақсы нәтиже көрсете алады», деді Надежда Дубовицкая.

Жиын соңында Даниал Ахметов Чемпионатта топ жаратын жаңа есімдер туралы айтуға асықпайтынын, дегенмен ұлттық құрама спортшылары қоржынға 9 медаль әкеледі деген сенім барын айтты.