2026 жылғы 9 маусымда Петропавл қаласында «Солтүстік Қазақстан облысының жеңіл атлетика федерациясы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс конференциясы өтті.
Конференция барысында ұйым президенті Елена Парфенованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, федерацияның жаңа президенті болып Александр Апенько сайланды. Жиынға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бірінші вице-президенті Алпамыс Бақытұлы мен Бас хатшысы Келбет Нұрғазина қатысты.
Александр Апенько — басқару, қаржы және көлік-логистика салаларында тәжірибесі мол маман. Қазіргі таңда ол «QAZLOGISTIC EXPRESS» ЖШС директоры қызметін атқарады. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы жаңа басшылықтың өңірдегі жеңіл атлетиканы дамытуға, спорттық инфрақұрылымды нығайтуға және жас спортшыларды қолдауға тың серпін беретініне сенім білдіреді.
Александр Александровичті жаңа қызметімен құттықтап, СҚО жеңіл атлетикасының дамуына сәттілік тілейміз!
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».