Шымкентте U-18 Қазақстан чемпионаты басталды

Шымкентте U-18 Қазақстан чемпионаты басталды

Шымкентте жеңіл атлетикадан U-18 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Ел біріншілігінің алғашқы медальдары 5000 метрге спорттық жүрісте сарапқа салынды.

Қыздар арасындағы жарыста Шымкент спортшысы Айару Бақытжан чемпион атанды. Ол қашықтықты 27:59,56 нәтижемен аяқтап, қарсыластарынан айқын басым түсті. Күміс жүлдені Ақтөбе облысының өкілі Аиша Жүргентаева жеңіп алса, қола медаль Жетісу облысының спортшысы Айзере Сәкенқызына бұйырды.

Ұлдар арасында алматылық Юрий Волков үздік нәтиже көрсетті. Ол 5000 метрді 23:21,61 уақытта жүріп өтіп, чемпион атанды. Жамбыл облысының спортшысы Мұрат Молдаш күміс жүлдеге ие болды. Айта кетейік, ол бұл сында екінші жыл қатарынан жүлдегер атанып отыр. Қола медальді Жетісу облысының өкілі Санжар Жанабіл жеңіп алды.

Осылайша, чемпионаттың алғашқы жарыс күні спорттық жүріс шеберлерінің бәсекесімен басталып, жас атлеттер жоғары нәтиже көрсетті.

Спорттық жүріс, 5000 м. Қыздар:

  1. Айару Бақытжан — Шымкент — 27:59,56
  2. Аиша Жүргентаева — Ақтөбе облысы — 28:29,50
  3. Айзере Сәкенқызы — Жетісу облысы — 28:47,60

Спорттық жүріс, 5000 м. Ұлдар:

  1. Юрий Волков — Алматы — 23:21,61
  2. Мұрат Молдаш — Жамбыл облысы — 24:44,98
  3. Санжар Жанабіл — Жетісу облысы — 26:36,94