11-13 маусым аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының ХХХІІ чемпионаты өтті

11-13 маусым аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының ХХХІІ чемпионаты өтті

Үш күн бойы Қазақстанның 17 облысынан 300 спортшы алтын медаль мен «Қазақстан чемпионы» атағын алуға күш сынасты.

Командалық жарыстың қорытындысы бойынша 33 844 ұпай жинаған Қарағанды облысы сенімді түрде бірінші орынды, 29 972 ұпаймен Шығыс Қазақстан облысы екінші орынды, 19 478 ұпаймен Алматы қаласының командасы үшінші орынды иеленді.

Чемпионаттың ең жарқын оқиғасы - Ясмина Тоқсанбаеваның жастар арасында 20 шақырымға спорттық жүруден рекордты жаңартуы болды. Ясминаның көрсеткіші – 1:36:52.46.

Біз барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, және де оларға жазғы маусымда жақсы нәтижелер мен жаңа жеңістер тілейміз.

Жарыс Туризм және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры, «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қоры, «Казцинк» және «Тассай» компанияларының қолдауымен өтті.

2 3-1 4 5-1