Республикалық жазғы мектепте Kids’ Athletics жобасы таныстырылды

Республикалық жазғы мектепте Kids’ Athletics жобасы таныстырылды

Жеңіл атлетика мен Kids’ Athletics жобасына арналған «Дене тәрбиесіндегі заманауи цифрлық технологиялар және ойын әдістері» республикалық жазғы мектебінің екінші күні өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға Kids’ Athletics жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, балалар мен жасөспірімдерді жеңіл атлетикаға қызықтырудың тиімді тәсілдері көрсетілді. Бағдарламада жүгіру, секіру және лақтыру элементтерін ойын әдістері арқылы үйрету жолдарына ерекше назар аударылды.

Қатысушылар сабақ құрылымын тиімді құру, дене қасиеттерін дамыту және оқу-жаттығу процесінде заманауи әдістерді қолдану бойынша тәжірибе алмасты. Практикалық бөлімде мұғалімдер мен мамандар қозғалысқа негізделген жаттығуларды орындап, дене шынықтыру сабақтарын қызықты әрі нәтижелі өткізуге арналған жаңа идеялармен танысты.

Мұндай оқыту семинарлары балалар арасында жеңіл атлетиканы кеңінен насихаттауға, дене белсенділігін арттыруға және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді.