Полина Иванова Пусанда өткен халықаралық турнирде күміс жүлде жеңіп алды

Полина Иванова Пусанда өткен халықаралық турнирде күміс жүлде жеңіп алды

Корея Республикасының Пусан қаласында World Athletics Challenger сериясына кіретін халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтті. Додада қазақстандық спортшы Полина Иванова жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Сырықпен секіру сайысында өнер көрсеткен Иванова 4,20 метр биіктікті бағындырып, жарысты екінші орынмен аяқтады. Бұл нәтиже оған күміс медаль әкелді.

World Athletics Challenger санатындағы жарыс жоғары деңгейдегі халықаралық турнирлер қатарына жатады және спортшыларға әлемдік рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, Иванованың көрсеткіші маусымдағы маңызды нәтижелердің бірі болып тіркелді.